Шаһарда халықаралық деңгейдегі жаңа стадионның құрылысы қарқын алды
Шаһарда халықаралық деңгейдегі жаңа стадионның құрылысы қарқын алды. Облыс басшысы Асхат Шахаров Алтын Орда ықшам ауданында салынып жатқан жаңа футбол стадионының құрылыс алаңына барып, өңірдегі ең ірі спорттық жобалардың бірінің жүзеге асырылу барысымен танысты. Айта кетейік, жаңа стадион 34 500-ге жуық көрерменге арналған және халықаралық талаптарға сай заманауи спорт нысаны болады. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын Ақтөбе жанкүйерлері үшін салынып жатқан жаңа стадион 34 980 көрерменге арналған және халықаралық талаптарға сай заманауи спорт нысаны болмақ. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 152 адам еңбек етуде. Жұмыс көлеміне қарай қызметкерлер саны да көбейеді. Құрылыс жұмыстарының сантехникалық, инженерлік және механикалық жұмыстар басталған кезде жұмысшылар саны 700 адамға дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Құрылыс барысы туралы баяндаған түркиялық мердігер компанияның өкілі компанияның спорт нысандарын салуда мол тәжірибесі бар және әртүрлі елдерде жиырмаға жуық стадионды жобалау мен салуға қатысқанын айтады. Облыс басшысы жаңа стадион құрылысының тек футболды дамыту үшін ғана емес, өңірдің туристік және мәдени тартымдылығын арттыру үшін де зор рөл атқаратынын алға тартты. Сондай-ақ ол Алтын Орда ықшам ауданының қарыштап дамып келе жатқанын, ал заманауи стадионның пайда болуы қызмет көрсету саласы, шағын бизнес және туристік инфрақұрылымның дамуына қосымша серпін беретінін айтты. Стадионның негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.Количество показов: 10
Дата создания: 26.06.2026 06:07:37



















