Шаһарда Әкелер форумы өтті
«Адал азамат тәрбиелеудегі әкенің миссиясы». Бүгін қаламыздағы «Smart Bilim» мектеп-гимназиясында 150 әке бас қосты. Әкелер форумы отбасындағы әкенің тәрбиелік рөлін айқындау, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты негізгі құндылықтарды бала бойына сіңірудегі әкенің миссиясын терең түсіндіру, әкелердің бала тәрбиесіне белсенді қатысуын арттыруға бағытталған. Сағынай Нұрбек - 5 баланың әкесі. Баларының үлкені мектеп бітіріп кетсе, қалған балалары осы білім мекемесінде оқиды. Ер адам көбіне түзде жүрсе де, балаларымның тәрбиесіне, мектептегі өміріне араласуға тырысамын. Уақыт жеткіліксіз заманда, бала тәрбиесін жіберіп алмаған дұрыс. Сондықтан бүгінгідей тәрбиелік шаралар бізге керек-ақ,- дейді ол. Әке – ұлы күш пен сабырлықтың иесі секілді. Әке баласының физикалық және рухани мықты болып өсуіне көп мән беру керек. Ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ақыл айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалады,- дейді көпбалалы әке. Шара барысында әкелер тек қана көрермен ретінде қатысып қоймай, белсенді пікір алмасып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әкелер сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, отбасындағы жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері төңірегінде ойларын ортаға салды. Форумға 150-дей әке қатысты. Форумның жалғасы ретінде әкелер ұйымдастырушылардың дайындаған спорттық және интеллектуалдық бағытындағы жарыстарға қатысты. Ал шара соңында әкелер мектеп директорының алғыс хатымен марапатталады.Количество показов: 9
Дата создания: 26.02.2026 07:30:12



















