Шаһарда көшеттер мен гүлдер жәрмеңкесі өтіп жатыр
"Нұр ғасыр" облыстық орталық мешітінің жанында көшеттер мен гүлдер жәрмеңкесі өтіп, тұрғындарға өсімдіктің сан алуан түрі ұсынылды. Жәрмеңке төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып, гүл өсірушілер үшін үлкен мүмкіндік айналды. Келушілер тек өсімдіктерді сатып алып қана қоймай, оларды отырғызу тәсілі мен күтіп-баптау жағдайлары туралы толық ақпарат алды. Саудагерлердің бірі - Шынаргүл Сатанғалиева. Ол бала кезінен бері гүл өсірумен айналысып, бүгінде өз ісін үй жағдайында жалғастырып келеді. Ол гүлдердің түрлерімен қуана-қуана таныстырып, өз ісіне деген сүйіспеншілігін ерекше атап өтті. Бағбан шараны ұйымдастырушы қалалық кәсіпкерлер ұжымына алғысын білдіріп, осындай бастамалар шағын кәсіп иелеріне үлкен қолдау екендігін жеткізді. Жәрмеңкеде қылқанжапырақты, сәндік және жеміс ағаштарының алуан түрі ұсынылған. Жергілікті бағбандардың қатысуымен өткен жәрмеңкеде гүлдер 1000 теңгеден басталып, жеміс ағаштары 5000 теңгеден сатылуда. Бұл шара жыл сайын өткізіліп, биыл 11 сәуірден бастап мамыр айының соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, күз мезгілінде де осындай жәрмеңке өтеді. Жәрмеңке тұрғындардың қолайлылығы үшін бір орталықта ұйымдастырылған, сондықтан қала тұрғындары қажетті көшет пен гүлді бір жерден таңдап ала алады. Келушілердің айтуынша, таңдау кең әрі бағалар қолжетімді. Көпшілік көктемгі маусымның басталуына қуанып, бау-бақша жұмыстарына белсене кіріскендерін айтты. Көктемгі көшеттер мен гүлдер жәрмеңкесі қала тұрғындары үшін табиғатты көркейтіп, өз бақшаларын қажетті өсімдіктермен толықтыруға мүмкіндік беретін пайдалы алаң болып отыр.Количество показов: 12
Дата создания: 14.04.2026 06:04:48



















