Шаһарда кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні өтті
Бүгін қаламызда кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні өтті. Ақтөбеліктер «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алды. "Өрлеу" бағдарламасына елімізде тіркелген микро, шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады. Оған қатысу үшін кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерге өтінім беруі тиіс. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама экономикамыздың басымдық берілген салаларына арналған, дейді мамандар. Елімізде кәсіпкерлікті дамытуға көмек ретінде қаржы институттары мен біршама жобалар жарық көріп жатыр. Кәсіпкерлер жаңа жобада жаңа мүмкіндіктер болады, деп сенеді. Кездесуге мемлекеттік кірістер департаменті, кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары мен екінші деңгейлі банктер және өзге де қаржы институттарының өкілдері қатысты. Мамандар кәсіпкерлерге бірнеше бағыт бойынша мәлімет берді. Бүгінгі жиынға жиналғандардың қарасы көп болды. Өңірдегі кәсіпкерлердің басын қосқан жиында «Өрлеу» бағдарламасының шарттары мен мүмкіндіктері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, қолданыстағы бизнесті оңалту тетіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның ұзақ мерзімді жалға берілген жерінде орналасқан мүлікті кепіл зат ретінде рәсімдеу мүмкіндігі ашық айтылды.Количество показов: 19
Дата создания: 27.06.2025 08:19:12