Шаһарда көктемгі су тасқынына дайындық басталды
Көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған шаралар биыл шаһарда ерте басталды. Қазір Сазды тұрғын алабында кешенді шаралар қолға алынып, жұмыстар жүріп жатыр. Дала суларын бұру, арналарды тереңдету, бөгеттердің беріктігін арттырып, су өткізу жүйелерін ретке келтіру жұмыстары басталды. Сондай-ақ қауіпті аймақтарда тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бұл-көктемгі су тасқыны кезінде судың тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарына зиян келтірмеуі үшін жасалып жатқан маңызды шаралардың бірі. Мамандардың айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар көктемгі су басу қаупін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Ал қаланың өзге аумақтарында да су тасқынына қарсы шаралар кезең-кезеңімен жалғасын таппақ.Количество показов: 13
Дата создания: 08.11.2025 08:31:23



















