Шаһарда гарнизондық саптық шеру өтті
Шаһарда гарнизондық саптық шеру өтті. «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы маңында өткен шараға полицияның жеке құрамы, ҚР Ұлттық Ұланының әскери қызметшілері, ІІМ-нің мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, Ақтөбе заң институтының жеке құрамы және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты. Бүгін өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Гарнизондық саптық байқау осыған байланысты ұйымдастырылған. Шара қаламыздың құқықтық тәртібін сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев қызмет барысында көзге түскен қызметкерлерді марапаттады. Олардың қоғамдық тәртіпті сақтаудағы еңбегін атап өтті. Қатысушыларға азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау, заңдылықты қатаң сақтау және қызметтік міндеттерді адал атқару жөнінде тапсырмалар берілді.Количество показов: 8
Дата создания: 07.03.2026 07:57:55



















