Шаһарда ескі су құбырлары ауыстырылып жатыр
Шаһарда ескі су құбырлары ауыстырылып жатыр. Солардың бірі - Бейбітшілік даңғылы бойындағы су құбырлары. «Aqtobe Su Energy Group» компаниясына тиесілі ауыр техника мен бірнеше жұмысшылар қызмет қылуда. Жолдың ортасындағы кәріз шұңқыры ашылып, жұмысшылар құбырларды тазалап жүр. 200 метр жерде жұмыс аяқталған. Алда 400 метр жер жаңартылуы тиіс. "Aqtobe Su Energy Group" қолға алған бұл бастама тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Қаламызда Желтоқсан батырлары көшесінде, Едіге батыр даңғылынан бастап Өтеген Тұрмағамбетов көшесіне дейінгі аралықта ескі су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 1965 метрлік ескі су құбыры жаңартылады. Бұл жұмыс инженерлік желілердің тозуын азайтып, сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған. Биыл қаламызда бірнеше ауданның су құбырлары жаңартылады. Тағы бірі Сағи Жиенбаев көшесінің су құбыры желілері. Жұмыстың жалпы ұзындығы 210 метр. Бұл шаралар желілердің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етіп, қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.Количество показов: 12
Дата создания: 01.07.2025 07:05:12