Шаһарда ерекше "Мен-Әлиямын" форумы өтті
Өңірде Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы кеңінен атап өтілуде. Бүгін шаһарда "Мен-Әлиямын" форумы өтті. Ерекше шара 3 кезеңнен тұрады. Батыр қыздың есімі қойылған 300-ге жуық ақтөбелік бір жерде бас қосты. Алды әже, ана, ару, бөбек Әлиялар алдымен КОБ Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Шеруге қатысқан Әлиялардың бәрі де өз саласының үздіктері. Ақ жаулықты әжелерден бастап, батыр қыздың есімі қойылған кішкене қыздар да бар. Әлияда қайтпас қайсар мінезді, батыр болсын деп есімімізді аталары, әжелері қойған. Батыр қыздың есімін берген жақындарымызға алғысымыз шексіз,-дейді олар. Бүгін батыр қызға өлең-жырларын арнады. Шеру кейін "Әлияға құрмет" Әлиялар шеруі және қалалық мәдениет сарайындағы концертпен жалғасты.Количество показов: 30
Дата создания: 11.06.2025 11:09:47