Шаһарда демалыс күндері 16 мың текше метр қар шығарылды
Қалада бірнеше күннен бері жауған қалың қар тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер қар тазалау жұмыстарын күшейткен болатын. Таң атпай іске кіріскен арнайы техникалар мен жұмысшылар алдымен магистральды көшелер мен қоғамдық көлік жүретін жолдарды тазалауға басымдық беруде. Тұрғындар қала ішінде қарды аршу жұмыстары жақсы жүріп жатыр дейді. Көлік жүргізушілері үшін де, жаяу жүргіншілері үшін де қардың уақытылы тазалануы маңызды. Шаһарда 31-желтоқсан мен 4-қаңтар аралығында 16 мың текше метр қар шығарылған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, күндіз, түні 13 мердігер мекеменің техникалары және жұмыс бригадалары екі ауысыммен жұмыс жасап жатыр.Количество показов: 20
Дата создания: 06.01.2026 01:25:39



















