Шаһарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Бүгін шаһарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. «Keruen City» сауда орталығындағы шара ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және қалалық Мансап орталығы мұрындық болды. Жәрмеңке әртүрлі саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері жұмыс ұсынды. Мамандардың сөзінше, жыл басынан бері аймақта 139 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Екі қолға бір күрек іздегендер бүгін бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне барды. Жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, пробация қызметінің есебінде тұрғандар, сондай-ақ алимент өндіру бойынша берешегі бар азаматтар қатысты. Қаладағы 15 мекеме 130-ға жуық бос жұмыс орынын ұсынды. Іс-шараға әртүрлі саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысады. Жұмыс берушілер қатарында облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті секілді бірнеше мемкеме бар. Оларға полиция қызметкері, өрт сөндіруші, кітапханашы, электрик, дәнекерлеуші, автомеханик секілді мамандық иелерін қажет. Сонымен қатар жастар да назардан тыс қалмады. Биыл жастар практикасына 280 адам жіберілген. Жыл басынан бері аймақта 139 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оның 113-і мамандандырылған жәрмеңке. Яғни жазасын өтеп шыққандар, пробация қызметі есебіндегі тұлғалар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ұйымдастырылған. Жалпы жәрмеңкелердің 800-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі жәрмеңкеге қатысқандар арасында түрлі мамандық иелері бар. Олар еңбек жалақысының жоғары болғанын қалайды. Қазір Электронды еңбек биржасы порталында өңір бойынша 1 700 жуық бос жұмыс орны жарияланған.Количество показов: 13
Дата создания: 13.12.2025 09:10:34



















