Шаһарда аулалар абаттандырылып жатыр
Жаз басталғалы көптеген көпқабатты үйлердің алды абаттандырылып жатыр. Шағын аллеялар салынып, тұрғындар отыратын орындықтар, балалар ойнайтын спорт алаңдары да салынуда. Соның бірі Ә.Молдағұлова даңғылындағы №45 үй мен №21, №27 мектептер аралығындағы мына учаске. Оқушылардың күн сайын өтетін жол. Күз-көктемде балшыққа айналатын өткелде жарық та жоқ. Құдды бір қараусыз қалған жер дерсің. Өткел енді жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жаңартылатын болады. Абаттандыру жұмыстары 400 шаршы метрді алады. Компания басшылығының айтуынша, бұл жерге жаяулар жолына арналған тақтайшалар төселеді. Орындықтар қойылып, учаскеге кіретін тұсқа арка, жарықтандыру шамдары орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Абаттандырылып жатқан көшелердің бірі - Қалалық сүт зауытындағы Шевченко көшесіне қарасты үйлердің алды. Қазір бұл жерде жаяуларға жол салынып, орындықтар қойылған. Футбол алаңының қаңқасы тұр, толық дайын емес. Үлкендер "жұмысшылар жолды қазып-қазып, бітірмей кетті" деп налыса, балалар "мектепке аяғымыз балшық болмай, таза барып, келеміз" деп мәз. Әрине, спорттық алаңды асыға күтіп жүргендерін де жасырмады. Тұрғындар жаз бойы жасалған жұмыстарға разы. "Бірақ, соңғы уақытта техникаларды көрмей жүрміз" дейді. Жол қазылғаннан кейін, айнала құм болған. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Жел болса шаң көтеріледі. Көше тұрғындардың бар тілегі - басталған істің соңына дейін жетуі.Количество показов: 25
Дата создания: 16.09.2025 07:56:51