Шаһарда қардан аршылмай, шет қалып жатқан көшелер де бар
Шаһар қыс басталғалы дамылсыз қардан аршылып жатыр. Осылай деген әкімдіктегілер күн сайын әлеуметтік желілерге өздерінің атқарған жұмыстарын салып әлек. Алайда, ақ ұлпа сол күйі жатқан көшелер де жоқ емес. Қыс басталғалы техника түгілі, күрек тимеген аумақтардың бірі - Айгөлек көшесі. Көше тұрғыны Қобылан Сабасов қар тазалау жұмыстары тек орталықтағы көлік жолдарында жасалады деп налиды. Орталықтан тыс аумақтар қараусыз қалып отыр. Мүмкіндігі шектеулі азаматқа жолдағы көктайғақ - басты мәселе. Қобылан Сабасовтың айтуынша, қар әдетте ақпан айының соңы немесе наурыздың басында шығарылады екен. Себебі сол уақытта қар еріп бастайды дейді. Бүгін де жауған қар көшеде шоғырланып қалған. Аяздан кейін пайда болған көктайғақ та сол күйі жатыр. Биыл тазалау жұмыстары жүргізілмегені анық көрінеді. Алматы ауданы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары бұған дейін "аумақтағы басты көшелердің мұзы ойылып, қары аршылып болды. Соңғы бір аптада аудандағы барлық көше тазартылып болады" деген еді. Алайда, нәтиже көз алдарыңызда.Количество показов: 10
Дата создания: 24.01.2026 08:48:50



















