Шаһарда қағаз қораптар шығаратын зауыт ашылады
Аймақ басшысы «Гофро-орама және стрейч-пленка өндіру» жобасымен танысты. Қағаз қораптар шығаратын зауыт «Capital Plast KZ» серіктестігінің өндірістік алаңында орналасқан. Асхат Шаһаров өңірде өңдеу өнеркәсібін дамыту мен бәсекеге қабілетті өндірістерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, шығарылған өнімдерге оны сұрыптауға, қайта өңдеуге болатындығы жөнінде тұтынушылар үшін нұсқаулық жапсыру қажеттігін ескертті. 2023 жылы басталған жоба жоспар бойынша биыл пайдалануға беріледі. Құрылыс кезеңінде 30-50 адам жұмыспен қамтылса, толық іске қосылғаннан кейін 200-250 адам тұрақты жұмысқа кіреді. Инвестиция көлемі – 1,8 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 21 млн м² қағаз өнімдерін және 1,8 мың тонна стрейч-пленка өндіруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтарды орнату жүргізілуде. Өндірістік ғимараттың жалпы ауданы – 5 400 шаршы метр. Серіктестік өкілдерінің айтуынша, өндірісте заманауи жабдықтар қолданылады. Бұл өнім сапасының жоғары болуын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын болашақта ішкі нарықты толықтай қамтуды көздеп отыр.Количество показов: 12
Дата создания: 04.07.2025 06:35:44