Шаһарда 18 жолды күтіп ұстауға 10-нан астам мердігер жауапты
Шаһар да қар жамылды. Үшінші күн қатарынан боран басылар емес. Осыған байланысты коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді. Мердігер ұйымдар қаладағы ең көп қозғалыс болатын көшелерді тәулігіне екі рет қардан тазартып жатыр. Көлік жолы да, жаяулар жолы да коммуналдық қызметкерлердің бақылауында. Ақ ұлпаға бөленген шаһар. Үш күн қатарынан қаламызда қар жауып, боран соғып тұр. Секундына 30 метрден астам жылдамдықпен соққан желдің екпіні қарлы бұрқасынды күшейтті. Автожолдар ғана емес, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдарын да қар басып қалып жатыр. Дегенмен, облыс орталығындағы жағдай қалыпты. Коммуналдық қызмет өкілдері күндіз-түні тынбай еңбек етіп жүр. Аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдары да қардан тазартылып жатыр. Екі аудан аумағындағы санитарлық тазалау жұмыстарын 16 учаскеде 10 мердігер мекеме жүргізеді. Жаяулар жолдарын қардан тазалауға 52 бірлік техника және жұмысшылар жұмылдырылған. Ал, шаһарда 900 аялдама павильоны орналасқан. Коммуналдық қызмет жұмыстарына халық оң баға беріп отыр. Қала аумағында жалпы ауданы 7 миллион шаршы метрлік 18 жол учаскесін қысқы күтіп ұстауға 10-нан астам мердігер ұйым жауапты. Қарлы бұрқасын тұрып, үздіксіз қар жауған жағдайда бригадалар күшейтілген, штаттан тыс режимде жұмыс істейді. Яғни 10-12 сағатқа дейін ұзартылған жұмыс уақыты және екі ауысымды кезекшілік. Ал арнайы техника желіден тек жүргізушіні ауыстыру және қажетті жанармай құю үшін ғана шығады, осылайша жолдарды тәулік бойы дерлік тазартуды қамтамасыз етіп отыр. Кеше шаһарда күндізгі ауысымда мердігер ұйымдардың жалпы саны 357 машинадан тұратын автопаркінен 201 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.Количество показов: 62
Дата создания: 16.12.2025 09:29:39



















