Шаһарда 18 субұрқақ жұмыс жасап тұр
Қазір елде субұрқақтың сан түрі бар. Тек шаһарға көрік қосып қана қоймай, жаздың аптап ыстығында адам тәнін ерекше салқындатып, жанын жадыратары сөзсіз. Қаламызда да субұрқақтар биыл қайта жанданды. Жаз басталысымен 18 субұрқақ іске қосылған. Жаныңа рахат сыйлайтын фонтандардың бірі темір жол вокзалы маңындағы Кереев көшесінде орналасқан. Бұл жерде тұрғындар тынығып, серігеді. Әйтсе де тұрғындар арасында жасалған сауалнамада бұл да аздық етеді. Кейбір субұрқақтар уақытымен жасайды,-дегендері де болды, ұнайды, серуендеуміз, тынығамыз деп жақсы пікірлерін де айтқандар болды. Қаламызда елімізде өзге баламасы жоқ субұрқақ ашылғанын білетін боларсыздар. Осы тектес субұрқақтар өзге қалаларда бар, бірақ бір мезгілде лазерлік және отты шоу көрсететін музыкалық субұрқақ бірінші болып Ақтөбеде орнатылған болатын. Бұл - жарық шамдары, одан бөлек лазерлік және фаер-шоу түнгі мезгілде ерекше көрік беретін заманауи музыкалық субұрқақ. Биіктігі 38 метрге дейін жететін бұл субұрқақта 40-тан астам әуені бар аудиожүйесі бар. Ескерте кететін жайт, қаламыздағы кейбір субұрқақта суға қол салуға, түсуге рұқсат етілмейтін ескертпе қағазы бар. Балаларға аса мұқият болу керек. Себебі электр жарақатын алуы мүмкін. Сумен жабдықтау жүйесіне аяғыңызды зақымдап қана қоймай, жабдықтар істен шыққан кезде ток соғу ықтималдығы жоғары. Осыны естен шығармаған жөн.Количество показов: 20
Дата создания: 18.06.2025 11:55:52