Шаһарда 100 аула абаттандырылып жатыр
Абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан аудандардың бірі - 101 атқыштар бригадасындағы 14-ші үй. Бұрын бұл үйдің ауласы шұрық-тесік жолмен қолайсыз күйде болған. Енді бұл аумақ тұрғындар үшін қауіпсіз де жайлы мекенге айналып келеді. Мұнда орындықтар қойылып, қоқыс жәшіктері орнатылған, жарық шамдар мен жаңа суағарлар салынуда. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолы толықтай жаңартылды. Қала билігі тұрғын үй аулаларын жаңарту арқылы тұрғындардың өмір сапасын арттыруды көздеп отыр. Қазір жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Абаттандыру қалалық бюджет есебінен жасалады. Қазір аулаларын абаттандырылып жатқан 100 үйдің 70-тен астамында жұмыс аяқталған. Жөндеу жұмыстарына 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жоба барысында тұрғындардың пікірі ескерілуде. Десе де, қаламызда елеусіз қалған көшелер де бар. Шаһарда келесі жылы тағы 100 аула жөнделмек. Бұл қаладағы тұрғындардың өмір сапасын арттырып, заманауи әрі жайлы орта қалыптастыруға жол ашады. Бағдарлама қауіпсіздікке басымдық береді. Жергілікті билік өкілдері балалардың үй маңында еркін ойнауына, ата-аналардың олардың қауіпсіздігіне алаңдамауына жағдай жасауды көздейміз, дейді.Количество показов: 16
Дата создания: 03.07.2025 06:26:14