Шаһарда 10 мың текше метр инертті материал дайындалған
Қазіргі таңда төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 10 мың текше метр инертті материал дайындалған. Мамандар су тасқынын алдын алу үшін биылғы жұмыстар күшейтілгенін айтады. Қазіргі таңда қарсы іс-шараларға 120 ассенизаторлық техника, 2 жылжымалы сорғы станциясы, мотопомпалар мен өзге де арнайы техникалар жұмылдыру көзделген. Соңғы күндері толассыз жауған жаңбырдың әсерінен көше бойларында шалшықтар пайда болды. Осындай мәселе соңғы уақытта жиілеп кетті. Тіпті кейбір учаскілерде жаяу жүргіншілер жолын толықтай су басып, жаңбыр жауған сайын су жол жиегіне жиналып қалып жатыр. Ал жауапты мекемелер қауіпті аймақтар бақылауда екенін айтып отыр.Количество показов: 8
Дата создания: 09.05.2026 07:41:39



















