Шаһар таза ма?
Шаһарда екі айлық сенбілік өтіп жатыр. Санитарлық-тазалық жұмыстары қарқын алған. Апта сайын белсенділер, еріктілер мен мемлекеттік қызметшілер, тіпті, тұрғындар да сенбілікке шығып, аумақ тазалығына атсалысып жүр. Сынған, қураған бұталар кесіліп, қос ауданның тазалығына жауапты мердігерлер қала сыртына қоқыстарды кезек тасып жатыр. Айтқан сөзге бәрі әдемі. Дегенмен, әуе қалашығындағы мына көрініс көңілді түсіреді. Атқарылған істің бәрі бекер ме дейсің? Шенділер назарымыз қоқыс контейнерлерінің айналасында дейді. Талапты бұзғандар жазаланып жатса да еш өзгеріс жоқ. Бұл жер бір ай бұрын қалай жатса, дәл солай бүгін де шашылып жатыр. Шаһардағы Кердері көшесіндегі 10-шы үйдің тұрғындары аумақ тазалығына наразы. Қоқыс контейнерлері толып тұрады, жиі тазаланбайды дейді. Астана ауданында 9 учаске бар. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының сөзінше, қазір тұрғындар да аумақтарын тазалап, сенбіліктерге жиі шығып жүр. Айнала тазаланса, жиналған қоқыстарды сыртқа шығаруға әкімдік көмек береді, дейді. Ал, қоғамның мәдениеті - әр адамның тазалығынан көрінеді, ал тазалық тәрбиеден басталады.Количество показов: 16
Дата создания: 10.10.2025 00:38:35