Шаһар су тақынына дайын ба?
Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары бүгін қалалық әкімдікте пысықталды. Шаһарда жаппай қар шығару науқаны жүріп жатыр. Одан бөлек, суағарлар мен су бұру арналарын мұздан, қардан тазарту жұмыстары қарқынды. Әсіресе, суға кету қауіпі жоғары Мәскеу, қалалық сүт зауыты, Малышка, Шанхай, Құрмыш, қаланың ескі бөлігі аудандарына басымдық берілген. Бүгінгі жиында Астана және Алматы аудандарының әкімдері дәл қазір атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Өңірде ауа-райының күрт жылуынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалының басшысы мәлімдеді. Нақты ауа-райына байланысты болжам наурыздың 1-күні шығады және тағы нақты шешім айтылады. Ал төтеншеліктер көктемгі жұмыстарға сақадай саймыз дейді. Қала басшысы жиынға қатысушыларға "әрқайсыңыз су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау мен өткізуде ерекше жауапкершілік танытып, барлық жұмыстардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге тиіссіздер" деп тапсырды. 10 наурызға дейін арықтарды, су бұру арналарын, өзен арналарын, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді қардан, қоқыстан және қамыстан тазарту жұмыстарын аяқтауды міндеттеді. Биыл көктемгі су тасқына қарсы іс-шараларға 120 ассенизатор көлігі, 2 қозғалмалы насостық станция және мотопомпалар, арнайы техникалар жұмылдырылады. Су тасқынына қарсы 10 000 куб инертті материалдар және 15 000 мың дана қапшықтар дайындалды. Бұл шаралардан бөлек мұз жару жұмыстары жоспарлануда. Мұз жаратын орындар Елек өзенінде 2 учаскеде белгіленді. Жалпы, мұз жару жұмыстарын 5000 мың шаршы метрде өткізу жоспарланып отыр.Количество показов: 6
Дата создания: 28.02.2026 07:00:36



















