Шаһар шағын бақпен толығады
Қалада Бейбітшілік даңғылының бойында тұрғындарға арналған жаңа сквер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаны «Әлихан Ойл» серіктестігі қолға алған. Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, басты мақсат - қаланы абаттандырып, тұрғындардың демалуына қолайлы орта қалыптастыру. Жаңа демалыс аймағы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында пайдалануға беріледі. Жоба құнын компания өкілдері жарияламады. Олардың сөзінше, бұл - ақтөбеліктерге тарту ретінде жасалып жатқан нысан. Құрылыс аясында 2 мың шаршы метр тас төсеуіш төселіп, шамдар мен орындықтар орнатылады. Сонымен қатар бұрын егілген ағаштарды қайта өңдеп, жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Бұл мәселелер қала әкімдігімен бірлесіп шешілуде. Мамандардың айтуынша, құрылыс барысында электр желілеріне қатысты қиындықтар туындаған. Алайда бүгінде мәселе толық шешіліпті. Шағын бақ аумағын көгалдандыру үшін 37 метр тереңдікте ұңғыма қазылып, гүлдер мен ағаштарды суаруға арналған арнайы суару жүйесі жүргізілген. Су құбырлары тартылып, инфрақұрылым толық қарастырылып жатыр. Айта кетейік, қазір қала бойынша барлығы 26 сквердің құрылысы қатар жүргізілуде.Количество показов: 7
Дата создания: 13.05.2026 06:10:25



















