Шаһар мектептерінде бақылау күшейтілді
Құлсары қаласындағы мектептегі оқушының балтамен мектеп дәлізінде жүгірген оқиғасынан кейін өңірдегі білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай, облыстық білім басқармасы мен полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ лицензияланған күзет ұйымдарының қатысуымен облыстық кеңес өткізілді. Мамандардың мәлімдеуінше, кездесу барысында мектептерде кезекшілікті ұйымдастыру, оқу орындарына кіруді бақылауды күшейту, құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ ата-аналар мен қауіпсіздік құрылымдары арасындағы өзара әрекеттесуді жүйелеу мәселелері жан-жақты қаралды. Ал тұрғындар орын алған мәселеге қазіргі таңда қолданыстағы интернет желілері мен сондағы контент те әсер етеді деген пікірде. Қазіргі уақытта қала бойынша 94 мектеп бақылауда. Оған қоса, 7 мыңға жуық бейнебақылау мен 100 ден астам металл іздегіш құрал іске қосылған. Облыстық кеңесте атап өтілгендей, қазіргі таңда барлық мектептерде оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және ықтимал тәуекелдердің алдын алуға бағытталған.Количество показов: 4
Дата создания: 10.02.2026 10:44:52



















