Шаһар базарларында ет бағасы қаншадан болып жатыр?
Қалада ет бағасы қалай? Орталық базардағы ет павильонында баға тұрақты, өзгеріссіз,- дейді сатушылар. Сиыр мен қой етіне сұраныс жоғары. Ал кешкі уақытта баға сәл төмендейтінін айтады сатушылар. "Ет саудасы тұрақты", - дейді саудагерлер. Қаладағы ет базарында сиыр еті сүйегіне қарай келісі 3000 - 3200 теңгеден басталса, жұмсақ еті 4500 теңгеге дейін жетеді. Ал қой етінің бағасы 3500–4000 теңге аралығында. Сатушылардың сөзінше, алушылар көбіне той, үйлерінде қонақ күткен жағдайда келіп, көп көлемде алып кетеді. Тартылған еттің келісі 4500 теңгеден басталады. Қазы мен шұжық та келісі 4500 теңгеден сатылуда. Өнімдер мал базарынан жеткізіліп, әдетте 1-2 күн ішінде толық сатылып кететін көрінеді. Тұрғындар арасынан етті үнемі көтерме ет базарынан алатындар да табылды. Олар "әрдайым Орталық базардағы ет павильонынан аламын, сапасына да, бағасына да көңілім толады", - дейді. Бірі аталған ет базарынан бірінші рет сауда жасайын деп тұрғанын айтады. Сатушылардың айтуынша, әзірге ет бағасында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ал кешкі уақытта ет бағасының арзандайтынын жеткізді саудагерлер.Количество показов: 12
Дата создания: 06.08.2026 10:27:54



















