Шаһар басшысы референдум учаскесіне ата-анасымен келді
Қала әкімі Азамат Бекет жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық ререфендумға отбасымен және ата-анасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады. Олар Тургенев көшесіндегі №30 орта мектепте орналасқан №46 сайлау учаскесінде дауыс берді. Облыс орталығында 359 094 сайлаушы бар, бүгін 177 референдум учаскесі жұмыс жасап тұр. Барлығы талапқа сай жабдықталған. Тұрғындардың келіп дауыс беруіне ешқандай кедергі жоқ,- деп атап өтті қала басшысы. Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын ата-әжелеріміз таңғы 07.00-де келіп өз таңдауын жасап жатыр, жастарымыздың да белсенді. Қала учаскелерінде бүгін 1419 адам комиссия мүшесі ретінде қызмет қылып жүр. Шаһар басшысы таңнан аяқтарынан тік тұрып, жұмысқа кіріскен оларға алғысын жеткізді. №46 референдум учаскесінде тіркелген сайлаушылар саны - 2266. Бірінші рет дауыс берушілер – 17. Ал 22 адам үйден дауыс береді.Количество показов: 5
Дата создания: 16.03.2026 06:44:26



















