Шаһар алабақшаларының бірінде ағаштар оталып жатыр
Қаладағы "Жұлдыз" арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша ауласында ағаштар жаппай кесіліп жатыр. Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын тудырды. Ал, балабақша қызметкерлері талдарды жыл сайын жаңарту мақсатында кесеміз дейді. Шешімді өздері қабылдаған. Қаладағы "Жұлдыз" арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақшаның аула аумағындағы ағаштардың дені кесілген. Ғимаратты қоршаған бірнеше ондаған қарағаш дерлік барлық бұтақтарынан айырылған. Ағаш деуге келмейді. Жерден қылтиып шығып тұрған жалаңаш діңдерге көбірек ұқсайды. Бұл жағдайға қала тұрғындарының бірі наразылық білдіріп, бізге хабарласты. Балабақша әкімшілігі ғимаратқа тым жақын орналасқан ағаштарды кесіп жатқандарын айтты. Бұтақтар терезелер мен қасбетке тиіп тұрғандықтан жыл сайын осылай кеседі екен. Алайда балабақша әкімшілігі камера алдында пікір білдіруден бас тартты. Ал қаланың Астана аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мирас Әжібаевтың сөзінше, аталған аумақ балабақша меншігінде. Сондықтан қандайда бір шешім қабылдауға басшылары құқылы. Иә ресми тұрғыдан бәрі заң аясында жүргізілген. Дегенмен, кез келген ағашты кез келген мекеме басшысы өз бетімен кесе беретін болса, шаһар келбетіне нұқсан келмей ме? Экология мәселесі қайда қалды? Жасыл желектер саны онсыз да аз қаламызда бұл мәселе өзекті.Количество показов: 7
Дата создания: 23.12.2025 06:55:23



















