Үш жасөспірім 6,8 жылға сотталды
Қопа ауылындағы жасөспірім өліміне қатысты сот үкімі шықты. Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен үш оқушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Тағы үшеуіне 1 жылға шартты жаза тағайындалды. Қылмыстық іс Темір ауданындағы Қопа ауылында былтыр 2-қыркүйекте болды. Тергеу қорытындысына сәйкес, жоғарғы сыныптың бірнеше оқушысы 14 жастағы жасөспірімді өздеріне «құрметсіздік танытты» деп аяусыз ұрып, ауыл сыртына тастап кеткен. 9-сынып оқушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс сотта жылға жуық қаралды. Айыпталушылар мен олардың ата-аналары, куәгерлер және сарапшылардан жауап алынды. Сот барысында айыпталушылар кінәларын ішінара мойындап, өкініш білдірген. Мемлекеттік айыптаушы оларды 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, жәбірленуші тарап жеңіл жаза тағайындауды өтінген. Судья сотталушылардың бірінің заңды өкілінен жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Количество показов: 27
Дата создания: 08.10.2025 09:35:42