"Senat Open-2026" шахмат турнирі басталды
Еліміздегі ең ауқымды әуесқой шахмат турнирлерінің бірі - "Senat Open 2026" жобасы бүгін шаһарда салтанатты түрде өз жалауын көтерді. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған республикалық дода түрлі сала өкілдерін бір тақта басына жинап, зияткерлік бәсекенің жаңа деңгейін қалыптастырға бағытталған. Турнирді өткізу бастамасын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев көтеріп, идеяны Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов қолдаған. Облыстық кезеңнің алғашқы күнінде сайысушылардың бірі - Уақбай Тоғысов. 50 жылдан бері шахмат ойнайды. Бала кезінен қызығып келген зияткерлік ойынды ғасырға жуық өзіне серік еткен. Халықаралық ареналарда да бақ сынап көрген. 2016 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігінде жүлдегер атанса, былтыр қазан айында Францияда өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғады. Оның айтуынша "Senаt Open -2026" турнирі шахматшылар үшін үлкен мүмкіндік. "Senat Open-2026" турнирі еліміздің барлық аймағында қаңтардан шілдеге дейін өтеді. Қорытынды сайыс тамызда Астана қаласында ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталады. Үлкен жоба шахматты тек спорт түрінде ғана емес, стратегиялық ойлау мен басқару мәдениетін қалыптастыратын маңызды құрал, дейді ұйымдастырушылар.Количество показов: 6
Дата создания: 17.01.2026 08:29:46



















