Сенат депутаттары Ақтөбеде
Өңірге іссапармен келген сенат депутаттары бүгін облыс әкімдігінде бас қосты. Олар "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы жергілікті халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмысымен танысты. Парламент сенатының экономикалық саясат және кәсіпкерлік пен инновациялық даму комитетінің көшпелі отырысы екі күнге белгіленді. Бүгін басталған жиында 2020-2025-ші жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Мұның алдында халық қалаулылары баспана мәселесінен бөлек, аймақтың экономикалық даму бағдарламасымен де танысқан болатын. Сенаторлар "Қазхром" ТҰК" АҚ сияқты ірі өндіріс ошақтарында болып, жұмысшылармен кездесті. Көшпелі отырыс арасында халық қалаулыларына облыс әкімдігіндегі ақпараттық орталық жұмысы таныстырылды. Сенаторлар орлықтағы әртүрлі салаға қатысты ақпараттар тоғысқан орталықтың жұмысына оң баға берді.Количество показов: 733
Дата создания: 25.06.2021 18:36:19



















