СЭБ мамандары аймақтағы 15 жағажайға қорытынды шығарды
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» еліміздің Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес сақталуы тиіс. Алдымен демалуға және шомылуға арналған аумақ қоқыстан тазаланады. Көпшілік демалатын орындарды орналастыру порттардан, су электр станцияларынан, мал қоралары мен суаратын жерлерден және басқа да ластану көздерінен алшақта орналасуы шарт. Сондай-ақ, жағажай аумағында күн сәулесі түсетін бастырмалар немесе шатырлар мен орындықтармен жабдықталады.Бүгінге дейін жаппай демалу, туризм және спорт орындары, жағажайлар ретінде пайдаланылатын екінші санаттағы су айдындарына тексеріс жүргізілген. Санитарлық-микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулерге - 44, санитарлық - химиялық зерттеулерге- 52 су сынамалары алынып, зерттелген. Жауаптылар гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмейтіндері жоқ, деп мәлімдеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 15 жағажайдың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Зерттеулерге, паразитологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге - 44 топырақ сынамалары алынып, зерттелген. Ішінде гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмейтіндері жоқ.Количество показов: 25
Дата создания: 11.06.2025 11:14:47