Сазды өзенінің қазіргі күйі тұрғындарды алаңдатып отыр
Қаламыздың ортасынан өтіп жатқан Сазды өзенінің жағдайы алаңдатарлық күйде. Өзен арнасы ластанып, су бетінде қоқыс қалдықтары қалқып жүр. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл мәселе соңғы уақытта ушығып кеткен. Жергілікті халық өзен маңына қалдықтардың жиі тасталатынын айтып, экологиялық жағдайға алаңдаулы екендіктерін жеткізді. Ақтөбеліктер билік өкілдерінен нақты әрекет күтуде. Жауапты мамандар аталған өзеннің бойында тазалық жұмыстары жүргізілгенін айтады. Сөздерінше, "Сазды" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында "Мөлдір бұлақ" акциясы өткен. "Мақсат - экологиялық мәдениетті арттыру" дейді Сазды су қоймасының басшысы Нұрхат Әбдиев. Акцияға Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы, "Қазсушар" мекемесінің облыстық филиалы мен Ақтөбе орман шаруашылығы инспекциясы, гидротехникалық құрылыстарға қызмет көрсету және басқа да мекемелердің 30-ға жуық қызметкері қатысқан. Әйтседе, мәселе түбегейлі шешілмегенге ұқсайды.Количество показов: 12
Дата создания: 07.04.2026 05:17:52



















