Сазды өзені Ақтөбенің ажары ма?
Ақтөбе қаласының жүрегінде орналасқан ойын сауық кешенінің алдындағы аумақ тұрғындар мен қонақтардың жиі баратын сүйікті орыны. Алайда дәл осы жерден өтетін Сазды өзенінің қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Орталықтың алдыңғы бөлігі ғана абаттандырылып, көріктендірілгенімен, өзеннің қалған тұстары батпақ пен қамысқа толып кеткен. Оны тұрғындарда жасырмайды. Жауаптылар қайда қарап отыр, деп налиды.Ойын-сауық орталығынан өтіп жатқан өзеннің шет жақтары құрғап, су деңгейі айтарықтай төмендеген дәлірек айтқанда өзеннің түбі көрініп, су құрғап кеткен. Одан қалды қамыстар адам бойымен бірдей өсіп, қаптай бастаған. Бұл жағдай арнаның қараусыз қалғанын көрсетеді. Сазды өзенінің бойын толықтай абаттандыру мәселесі бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Бірақ нақты шаралар орталық маңайдағы аймақпен шектелген сыңайлы. Нақты жауап естігіміз келіп талпынғанбыз. Десе де, жауаптылар кері байланысқа шықпады.Тұрғындардың үндеуіне құлақ түрсек, өзен бойы толығымен көріктендіріліп, демалыс аймақтары салынса дейді. Қазірше тек Керуен City алдындағы көрініспен ғана шектелуге мәжбүр секілді.Количество показов: 14
Дата создания: 17.07.2025 07:59:50