Сазды су қоймасының айналасы қоқыстан тазартылды
Бүгін Сазды су қоймасының жағалауын балық инспекция мамандары, жергілікті органдар, студенттер мен еріктілерден құралған 40-қа жуық адам қоқыстан тазартты. Өзен бойында 150 қапқа жуық қоқыс жиналған. “Таза су айдыны” акциясы жылда дәстүрлі түрде өңірдің барлық өзен-көлдері жағалауында ұйымдастырылып тұрады. "Таза су айдыны" акциясы аясында бүгін Сазды су қоймасы жағажайы қоқыстан тазартылды. Жалпы экоакция өзендер мен көлдердің жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан, заңсыз қоқыстардан және су экожүйесіне зиян келтіретін тасталған балық аулау торларынан тазарту мақсатында өткізіледі. Эко шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, табиғатты қорғау және су айдындарының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатындағы іс-шаралардың басты ережесі - қоқыс тастамау. Заңсыз торларға тыйым салу, балық аулау ережелерін сақтап, су түбінде қалып, су фаунасын қыратын браконьерлік торларды жинау. Су жағасында демалғанда қалдықтарды арнайы орындарға қалдыру немесе өздеріңізбен бірге алып кету. Балық инспециясы мамандарының айтуынша, Сазды су қоймасына келушілер үшін жағажайларда қоқыс жәшіктері қойылған. Әйтсе де, балық аулаушылар өзеннің ортасында қайықпен балық аулаған кезде қоқыстарын лақтыра салады. Ол толқынмен жағажайға шығады. Қоқыс қалдықтары уақтылы жиналмаса, экологиялық апатқа әкелуі мүмкін,- дейді олар.Количество показов: 39
Дата создания: 29.05.2026 05:51:36



















