Саяжайларға автобустар қозғалысы жанданды
Бүгіннен бастап қаламызда саяжай бағыттарына арналған автобустар қозғалысы қайта жанданды. Қала әкімдігі тұрғындардың сұранысын ескере отырып, 30, 31, 33 және 34 бағыттары бойынша қатынасты ұйымдастырған. Аталған маршруттар қаладағы негізгі көшелер мен аялдамаларды қамтып, тұрғындарды тікелей саяжай алқаптарына жеткізеді. Қозғалыс кестесі жұмыс және демалыс күндеріне қарай өзгеріп отырады. Демалыс күндері рейстер саны көбейтілген. Бұл сенбі, жексенбіде саяжайға баратын тұрғындар үшін қолайлы. Автобустар таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қатынайды. Ал саяжайлардан кері қайту уақыты кешкі 21:00-ге жоспарланған. Айта кетейік, барлық бағыттар үшін дүйсенбі - демалыс күні. Мамандардың айтуынша, бұл шара саяжай жұмыстарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Количество показов: 20
Дата создания: 16.04.2026 06:31:07



















