Саяжай тіршілігі қайта жанданды
Көктемнің шуақты күндерімен бірге саяжай маусымы да басталды. Сәуір айының соңында тұрғындар көкөніс пен жеміс егуге белсене кіріседі. Қазірдің өзінде көптеген саяжайларда жер өңделіп, егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Біз барған саяжайлардың бірінде 79 жастағы Дүйсенғали ата да еңбек көрігін қыздыруда. Ол бүгін маусымдағы алғашқы жұмыс күнін бастап, шаруасына білек сыбана кіріскен. Бұл жерге қызына көмектесу үшін келіпті. Қарияның сөзінше, қазір үйдің айналасы ретке келтіріліп, жер егіске әзірленген. Дүйсенғали атаның айтуынша, бүгін қара жердің тынысын ашып, жер картоп, қияр, қызанақ және пияз көкөністерін егуге дайындалып жатыр. Саяжай тұрғындары үшін бұл тек еңбек емес, демалыстың да бір түрі. Таза ауа, табиғат аясындағы тіршілік - олардың күнделікті күйбеңнен бір сәт арылып, сергіп қайтуына мүмкіндік береді.Количество показов: 9
Дата создания: 30.04.2026 07:11:52



















