Саяжай тұрғындары қыста тоңып отыр
Шаһардағы "Светлый сад" саяжай тұрғындары қақаған қыстың ортасында жылудың азабын тартып отыр. Тұрғындардың сөзінше, 4-5 күннен бері жылу қысымы төмендеп, тіпті түн ортасында сөніп қалатын болған. Өздері жылудың үнемі өшуін қатты аяздан деп ойлайды. Оған қоса, жылу беретін құрылғыға шамадан тыс үй саны қосылған. Тұрғын үйлерге жүргізілген көгілдір отын құбырлары жекенің қолында. Ал аумақ тұрғындары "ҚазТрансАймақ" мекемесінің балансына берілсе дейді. Жауапты мекеме жағдайдың қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Дегенмен осы уақытқа дейін нақты шара қолданылмаған. Газ құбырына саяжайда шамамен 90-нан астам үй қосылған. Дүние Әлиевтің сөзінше, қысымның әсерінен барлық үйді жылумен қамту қиынға соғып отыр. Қазір жылуды үйлерге тұрақты беру жұмыстары басталған. Құрылғы жөнделіп жатыр деп сендірді төраға. Алайда, халық бұл жауапқа қанағаттанбады. Қыс бойы жылынбайтын баспанада тұру мүмкін емес деп наразы. Тұрғындар мәселенің толықтай шешімін тапқанын қалайды.Количество показов: 7
Дата создания: 28.01.2026 09:30:28



















