Саяжай өнімдері түрлі бағада базар сөрелерінде сатылуда
Саяжай өнімдері жемістерін беріп, түрлі жидек пен көкөніс сатылымға шығарылған. Жаздың аптап ыстығына, төгіп жауған нөсер-жауынына қарамастан, бағбандар биыл өнім екенін айтады. Cаяжайларда жазғы өнімнің маусымы аяқталуға жақын. Сатушылардың сөзінше, биыл ауа райының қолайсыздығы өнім көлеміне де әсер еткен. Қазір саяжайда ұзақ жеміс беретін құлпынай мен таңқурай, сондай-ақ түрлі көк шөптер сатылып жатыр. Бағасы да әртүрлі. Мәселен, құлпынайдың келісі 3 500 теңге, таңқурай 4 000 теңге, баялды 700 теңгеден саудалануда. Сарымсақтың бір данасы 250 теңгеден сатылып жатыр. Ал жергілікті картоптың бағасы келісіне 400-500 теңге аралығында, алма, алмұрт 400 теңгеден, қызанақ 1200, ал аскөктердің бір бумасы 250 теңгеден сатылып жатыр. Аптап ыстық кезінде көк шөптердің де өсуі қиындаған. Дегенмен қазір ауа райы қалыпқа түсіп, өнім қайтадан жақсы пісіп жатыр, дейді саудагерлер. Қазіргі таңда ақжелкен мен аскөктің бір шоғы 250 теңге, базилик - 300 теңге, жалбыз - 200 теңгеден саудалануда. Сонымен қатар тұрғындар қарақаттың жапырағын да жиі сатып алады екен. "Оны кептіріп, қыс мезгілінде шай ретінде пайдаланады, мұндай шайдың буынға пайдасы бар деп есептеледі",-дейді бағбан.Количество показов: 11
Дата создания: 04.08.2026 07:24:30



















