Саябақ мәдениеті сақталып жатыр ма?
Қаламыз жылдан жылға үлкейіп, халық саны да көбейіп келеді. Саябақ, аллея, скверлер де бой көтеріп жатыр. Ақтөбеліктердің сүйікті демалыс орындарының бірі-Триатлон паркі. Мұнда тұрғындар спортпен де шұғылдана алады, серуендейді де, тіпті дастарқанын жайып жіберіп, "Пикник" ұйымдастыратындар да көп. Әсіресе, кешке адам қарасы көбейеді. Тіпті велосипед тебушілер мен атлеттерге жол қалмай жатады.Ауа-рай жақсы болса таза ауада пикник жасайтындар да осы жерге жиналады. Олар өздерімен бірге тамақ әкеліп, жақындарымен кездесіп, доп ойнап, уақыт өткізеді.Тұрғындар болса, саябаққа толықтай көңілдері толатындарын айтады. Парк өте таза, мұнда керегіміздің бәрін табамыз, жасыл желек пен жаттығу жасайтын алаңдар да бар. Күн сайын осы жерге келіп тынығуды дәстүрге айналдырғандар да жетерлік. Триатлон саябағы — спорт пен белсенді демалысты ұнататындар үшін тамаша орын. Парк 2022 жылы "Нұр Ғасыр" мешітінің жанынан ашылды. Саябақта ұзындығы 2,4 шақырым болатын вело-жүгіру жолы бар, сонымен қатар спорт алаңдары, велоспорт және жеңіл атлетика секциялары орналасқан. Әйтсе де, тазалық сақтау маңызды. Әр адам өзімен әкелген заттарын жинап, тұрмыстық қалдықтарын жәшіктерге лақтырып жүрсе-нұр үстіне нұр болары анық.
Количество показов: 8
Дата создания: 17.05.2025 11:55:39