Сая тұрғын алабының тұрғыны жаңа сквер жобасына наразы
Серік Қожимовты өз ауданында бой көтеретін жаңа сквер жобасының кейбір тұстарына наразы. Сая тұрғын алабында орналасқан аумақты көгалдандырып келе жатқан 73 жастағы тұрғынның сөзінше, қазіргі жоба орман шаруашылығы талаптарына сай емес деп есептейді. Оның пікірінше, жаяу жүргіншілер жолы ағаштар отырғызылған аумақпен жүргізілуі тиіс. Серік Қожимовты өз ауданындағы жандар жақсы біледі. Ол өз қаражатына ағаш отырғызып, демалыс аймағын қалыптастыруға күш салған ақтөбелік агроном. Бүгінде сонша жылдар бойы жасаған еңбегінің ескерусіз қалғанын айтып редакциямызға хабарласты. Сая тұрғын алабында орналасқан аумақты көгалдандырып келе жатқан 73 жастағы тұрғынның сөзінше, бұл жерді болашақта саябаққа айналдыруды мақсат еткен. Ол бұған дейін мемлекеттік орман қорының жерін жалға алып, 500 түп тал отырғызған. Қазіргі таңда аймақта су жүйесі тартылып, ұңғыма қаздырылған жарық пен бейнебақылау орнатылған. Алайда кейін бұл аумақта «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа сквер жобасы қолға алынып, оның авторы ретінде басқа адам көрсетілген,- дейді ол. Серік Қожимов қазіргі жобаның өз жоспарына сәйкес келмейтінін айтып, бірнеше рет Алматы ауданы әкімдігіне жүгінген. Ондағы мақсат- көп жылғы еңбегі ескеріліп, жоба қайта қаралып, оның ұсынысын назарға алса екен деген ниет. Мәселеге қатысты жауаптылардың да пікірін білдік. Олардың айтуынша, бұл жоба алдын ала келісіммен, жоспарланған түрде жүзеге асып жатыр. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардың пікір- ұсынысы қаралып, жоба авторы мен сквердің орны белгіленген. Учаске аумағы 2 гектарды құрайды. Екі жоба салу қолға алынған. Оның бірі - футбол және спорт алаңы. Екіншісі - аталған сквердің құрылысы. Бірінші жоба бітуге жақын, ал сквер құрылысын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.Количество показов: 14
Дата создания: 25.07.2026 06:49:58



















