"Сая" тұрғын алабында жер теліміне қатысты мәселе көтерілді
73 жастағы Серік Қожимов - өте білікті ауыл шаруашылығы маманы. Зейнет жасындағы қария еңбек етуден қашқан емес. Қария қаланың әлеуетіне қатысты барлық шараларда мұрындық болып жүреді. Өзі тұратын ауданда шағын саябақ салынып, спорт алаңдары көбейсе деп армандайды. Ақтөбелік агроном 2022 жылы қалалық әкімдіктен бір гектар жерді жалға алады. 2025 жылы жер көлемін ұлғайтып, тағы 1 гектар жерді сұрап алады. 9 жылға жалға берілген бөлікке 500 түп көшет отырғызған. Ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарымен өзі айналысады. Жасыл желек жанына шағын футбол алаңын салып қойған. Қарияның басқа да тың идеялары бар. Бірақ көпшілігі әкімдік тарапынан қолдау таппай тұр. Дегенмен қазыналы қарттың шағын саябақ салып, спорт алаңдарын көркейту жұмыстары жүзеге асқан. Жұрт игілігін көріп отыр. Жемісті жоспар тағы жалғасын таппақ. Ақсақал тағы 500 көшет отырғызу артықтық етпейді деген пікірде. Қарияның жерді ұзақ мерзімге жалға алуға қатысты кейбір жоспарлары жүзеге аспай қалып, кешеуілдеп жатады. Ұсыныстарға жауап берілмей, құзырлы органдар тарапынан нақты жауап берілмей отырған соңғы сұраныстары болыпты. Тұрғынға бірақ бұл мәселе арнайы тендер арқылы шешілетіндігі түсіндірілген. Яғни жер теліміне қатысты жобаны әзірлейтін ұйым байқау негізінде анықталады деп жауап берілген. Мамандар байқауға сай жұмыс жоспары жүргізілетіндігін алға тартты. Жобаны әзірлеу құқығын қай компания жеңіп алса, тиісті жұмыс соған тапсырылмақ.Количество показов: 11
Дата создания: 11.09.2026 09:43:22



















