Сарыбұлақ, Құндақтықыр жерасты су кен орындарынан су құбыры тартылды
Жаңа тұрғын алаптарды орталықтандырылған ауызсумен қамту жұмыстары басталды. Сарыбұлақ және Құндақтықыр жерасты су кен орындарынан қалаға дейін су құбыры тартылады. Жобаның ауқымы қандай және қанша тұрғын ауызсумен қамтылады?Қалада шамамен 50 шақырым қашықтағы Құндақтықыр жерасты су кен орнында қызу жұмыс басталды. Мұнда артезиан ұңғымалары бұрғыланып, алынған суды қалаға жеткізетін магистральдық құбыр салынады. Жоба қаланың қарқынды өсіп келе жатқан жаңа тұрғын алаптарын сапалы ауызсумен қамтуға бағытталған. Себебі соңғы жылдары Ақтөбеде халық саны артып, жаңа шағын аудандар мен тұрғын алаптар бой көтеруде. Жалпы, инженерлік инфрақұрылым 10 мыңнан астам жер учаскесін сумен қамтуға мүмкіндік береді. Ал Батыс-3 шағын ауданында алдағы уақытта шамамен 100 мың тұрғынды орналастыру жоспарланған. Жұмыс аясында 20 артезиан ұңғымасы бұрғыланады. Сонымен қатар жаңа тұрғын алаптарға дейін инженерлік желілер жеткізіліп, жалпы ұзындығы шамамен 53 шақырым болатын су құбыры салынады. Қаладағы су мәселесі туралы тұрғындармен тілдестік. Осылайша, жерасты су қорын тиімді пайдалану арқылы Ақтөбенің жаңа тұрғын алаптарын орталықтандырылған ауызсумен қамту көзделіп отыр. 53 шақырымдық су құбыры мен инженерлік желілердің құрылысы аяқталған соң, мыңдаған жер учаскесі тұрақты су жүйесіне қосылмақ.
Количество показов: 12
Дата создания: 25.08.2026 08:31:10



















