Сарбаздар ЖОО тегін білім ала алады
Бүгін қаламыздағы №6655 Ұлттық ұлан әскери бөліміндегі мерзімді әскери қызметтегі 6 сарбазға оқу гранттарының сертификаты табысталды. Тегін мемлекетті грант “Сарбаз 2” бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Сарбаздар әскери борышын өтегеннен кейін, өздерінің таңдаған мамандықтары бойыншы еліміздің Жоғарғы оқу орындарында білім алатын болады. Ильяр Әбдукәрімов - 20 жаста. 6655 әсери бөлімінің мерзімді әскери қызметінің сарбазы. Алматы облысынан келген. Әсерге келгенше колледж бітіріп, енді міне мүмкіндікті жібермей “Сарбаз 2” тегін оқыту бағдарламасы бойынша емтиханнан жоғары балл жинап, өзінің қалаған мамандығына түскелі отыр. Ал таңдаған мамандығы - Азаматтық әуе академяисындағы - транспорт қызметі. Сарбаз мұндай мүмкіндікке ие болғанына қуанышын жасырмады. Әскери борышын өтеп келген жастарға білім грантын беру жобасы 2023 жылы іске қосылды. Бұл – республикада алғаш рет қолға алынған, әлеуметтік белсенді, тәртіпті әрі жауапты сарбаздарды қолдауға бағытталған конкурс. Жоба Қорғаныс министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және елдің жетекші жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер негізінде жүзеге асырылып жатыр. Грант иегерлері – азаматтық борышын атқарып қана қоймай, тәртіп пен жауапкершілік танытып, өзін-өзі дамытуға ұмтылған жастар.Количество показов: 21
Дата создания: 25.11.2025 07:26:37



















