Саперлар білім күні мектептерден "жарылғыш зат" іздеді
Бүгін таңғы сағат сегіз жарым шамасында №2-ші орта мектептің электронды поштасына №1, 2, 22, 51,56 орта мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Салдарынан 6 бірдей мектепте "Алғашқы қоңырау" соғылмады. Салтанатқа жиналған оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдерді тәртіп сақшылары қауіпсіз аумаққа эвакуациялап, ғимараттарды саперлар тінтті. Поштаға жіберілген суыт хабарды тексерумен құзырлы органдар айналысып жатыр. Түске таман мектептердің қоршауы алынды. Жарылғыш зат табылмады. Енді полиция мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың қуанышты күнін тас-талқан етіп, үрей жайған күдіктілерді іздеуге көшті. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚК «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Количество показов: 661
Дата создания: 01.09.2021 18:35:45



















