Сапасыз әлеуметтік тауарлар мамандардың бақылауында
Облыс бойынша өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 5,2 млрд теңге бөлінген. Әлеуметтік өнімдер «Анвар» және "Дина" сауда желілерінің супермаркеттері мен облыс орталығындағы 17 әлеуметтік дүкен арқылы таратылуда. Қаңтар айының соңында аталған желілерге қосымша картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат жеткізілген. Мамандардың мәліметінше, өңірде әлеуметтік тауарлар индексі 99,3 пайызды құрап, баға республика бойынша орта деңгейде сақталған. Қор есебінен қант, күнбағыс майы, күріш, картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат тұрғындарға нарықтағы бағадан төмен құнмен ұсынылуда. Мәселен, қанттың сатып алу бағасы - 360 теңге, сату бағасы - 380 теңге, ал картоп келісі 165 теңгеден өткізілуде. Сапасы жөнінде Тимур Биманов комиссиялардың тексеруімен жұмыстар жүргізіліп, қадағаланады дейді. Арзан баға ғана емес, тауар сапасының да көңілден шығуы халықтың сенімін тудырады. Тұрғындар арасынан әлеуметтік азық-түлікті сатып алушылар «Бағасы қолжетімді, сапасы жақсы» деді. Әсіресе зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар үшін мұндай қолдаудың маңызы зор. Қазір өнімдер коммуналдық павильондар мен ірі сауда желілері арқылы сатылуда. Бүгінде «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы коммуналдық павильондар арқылы бірқатар азық-түлік түрлері бойынша тауар интервенциясын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 523 тоннадан астам картоп, 42 тонна пияз, 30 тонна сәбіз және басқа да өнімдер сатылған.Количество показов: 8
Дата создания: 05.02.2026 05:38:29



















