Салығын төлемеген, зейнетақы қорына қарызы бар ақтөбеліктерге несие берілмейді. Шаһарда 25 мыңнан астам тұрғын мемлекетке бережақ. Салықтың кез келген түрін, яғни мүлік, көлік, жер салықтарына, сондай-ақ, зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына 1 теңге қарыз болсаңыз да, банк қызмет көрсетпейді. Несие ала алмайсыз, есеп-шотттар ашылмайды. Тіпті, бұрын ашылған есеп шотыңыз да бұғатталуы мүмкін. Бұл - 1-шілдеден бері екінші деңгейлі барлық банкте жүзеге асырылып жатқан талап. Салық кодексіне енгізілген өзгерістер осындай.
Мемлекеттік кірістер департаменті қаладағы 7 банкке жаңа талаптарды жіберген. Банк қызметкерлері құжатын берген азаматтың борышы бар, жоғын бірден анықтай алады. Егер қарызы болса, клиентке ескертеді. Кодекстің бұл өзгерісі салыққа берешегі бар азаматтарды анықтауға көмектеседі дейді мамандар. Салық кодексіне енгізілген жаңашылдық ақтөбеліктерді қуантпағаны анық. Себебі, борышты болса бір ай жұмыс істеп тапқан жалақысынан қағылады.
Количество показов: 1380
Дата создания: 27.07.2018 19:02:46
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>