Салық кодексі кәсіпкерлерге түсіндірілді
Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен бүгінгі семинар жеке кәсіпкерлерге арналды. Яғни жаңа салыққа қатысты өзгерістер айтылды. Шараға өңірдің 100-ге жуық кәсіпкері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара қатысушыларға салық заңнамасына енгізілген өзгерістерімен танысуға, бұл жаңашылдықтар олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, жаңа Кодекске қатысты туындаған сұрақтарына департамент мамандарынан кез келген уақытта жауап ала алады. Бүгінгі семинарда қаралған басты салық режимдері. Өзін өзі жұмыспен қамтығандар, оңайлатылған декларация және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қойылатын салық. Басқарма басшысының айтуынша, түсіндірме жұмыстары бір семинармен шектелмей, әрі қарай салық төлеушілермен кездесу жұмыстары жалғаса бермек.Количество показов: 5
Дата создания: 24.02.2026 06:19:43



















