«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысын аралап жүр
Шалғай ауылдарда дәрігер тапшы. Ал сала дәрігерлері тіпті қат. Алыстағы ағайын денсаулығын тексертіп, емделу үшін ат артып, облыс орталығына келетіні рас. Мүмкіндігі болмай, қалаға жете алмай отырғандары да жоқ емес. Осы мақсатта "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Ақтөбеге жетті. Білікті мамандар жоғары технологиялы құрылғыларын алып ауыл-аймақты араламақ. Кешенді пойыз Ноғайты ауылына аялдады. Алда Шұбарқұдық, Қарашоқат, Қотыртас, Қандыағаш, Мәртөк, Ақкемер, Кемпірсай станциялары бар. Шұбарқұдықта пойыз 21-22 маусым аралығында аялдаса, Қарашоқатта — 23 маусым, Қотыртаста — 24 маусым, Қандыағашта — 25-26 маусым күндері қабылдау жүргізбек.Мәртөк, Ақкемер және Кемпірсай ауылдарына шілде айында жетуі тиіс. Мәртөк тұрғындары — 13-14 шілде күндері, Ақкемер — 15-17 шілде, Кемпірсай — 17-18 шілде мамандардың кеңесіне жүгіне алады.Медициналық пойыз ультра дыбысты зерттеу,электро кардиограмма, флюорография, гастрофиброскопия, қан талдауы сынды диагностикалық тексерулер жасауға қауқарлы. Қажет болған жағдайда микро хирургиялық операциялар жасалады. Барлық санитарлық және техникалық талаптар сақталған, пойыз заманауи жабдықтармен қамтылған.Количество показов: 8
Дата создания: 24.06.2025 08:45:44