Сүт зауыты ауданының санитарлық тазалығы қалай?
Таза аула - тұрғындарға жайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі. Бүгін редакция ұжымы қаламыздағы сүт зауыты ауданының санитарлық жағдайын көріп қайтты. Түсірілім тобы барған кезде коммуналдық қызметтегілер қоқыс жәшіктерін тазартып жатыр. Тұрғындар тазалықтың сақталуы тек коммуналдық қызметке ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігіне де байланысты екенін айтады. Қалалық сүт зауыты ауданының санитарлық жағдайы жақсы,- дейді тұрғындар. Айтуларынша, қоқыс аптасына екі рет шығарылады. Алайда осы аралықта контейнерлердің лық толып қалатын кездері де болады. Кейде қоқыс жәшіктерінің айналасына қалдықтардың шашылып жататынын да жасырмайды. Олар мұндай жағдайдың алдын алу үшін тұрғындардың өздері де тазалық мәдениетін сақтауы маңызды екенін айтады. Қолдарындағы қоқысты тек жәшікке салса, жан-жағына тастап кетпей. Ол - жауапсыздық. Бір адам қолындағы пакетті контейнер жанына тастаса, екіншісі де сөйтеді. Содан қоқыс үйіліп, шашылып жатады,- дейді олар. Ал осы ауданда аула мен көшелердің тазалығын сақтауға "Жасыл ел" еңбек жасақтары да атсалысып жүр. Олар жаяу жүргіншілер жолдарын сыпырып, кездейсоқ шашылған қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтіруде. Бұл жұмыстар тұрғындардың таза әрі қолайлы ортада жүруіне мүмкіндік береді. Тұрғындар тазалық - тек коммуналдық қызметтің ғана міндеті емес, қоғамдық орынның таза болуы әр тұрғынның жауапкершілігіне де байланысты екенін жеткізді. Себебі жеке адамның тазалыққа деген көзқарасы - бүкіл ауданның, тіпті қаланың тазалығының негізі деген пікірде тұрғындар.Количество показов: 29
Дата создания: 04.07.2026 07:23:11



















