Сүт зауыты ауданындағы аулада аяқталмаған тротуар мен санитарлық жағдайға алаңдаулы
Жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызған аяқталмаған тротуар мен тазалығы сын көтермейтін аула. Шевченко көшесі, 35 мекенжайының тұрғындары бұл мәселе бір жылдан бері шешілмей келе жатқанын айтады. Сүт зауыты ауданында орналасқан Шевченко көшесі, 35 мекенжайындағы тротуардың құрылыс жұмыстарының күйі. Жергілікті тұрғындары ауладағы аяқталмаған тротуар мен санитарлық жағдайға алаңдаулы. Олардың айтуынша, тротуар құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған. Алайда жұмыс толық аяқталмай, тек бордюрлер орнатылған күйі қалған. Салдарынан тұрғындар күнделікті жүріп-тұруда қиындық көріп отыр екен. Әсіресе егде жастағы тұрғындарға қолайсыздық тудырып, аяқтарының ауырып, ісінетінін айтып наразылықтарын жеткізді. Тұрғындар бұл мәселе бойынша жауапты мекемелерге бірнеше рет жүгінгенін айтады." Бірақ осы уақытқа дейін нақты нәтиже болмады", - дейді халқы. Ал ауладағы қоқыс алаңында тұрмыстық қалдықтар уақытылы шығарылғанымен, айналаға шашылған қоқыс пен ірі көлемді қалдықтар көзге түседі. Тоңазытқыш, ескі жиһаздар мен картон қораптар арнайы орынға шығарылмай, контейнерлердің маңында жатқанын көруге болады. Тұрғындар жауапты мекемелерден аяқсыз қалған тротуар құрылысын аяқтауды сұрайды, сонымен қатар олар жергілікті халықтан да ауланың тазалығын сақтап, қоқыс тастау тәртібін ұстануды сұрайды. Себебі қоқысты ретсіз тастайтын тұрғындардың өздері,- дейді олар.Количество показов: 8
Дата создания: 18.07.2026 07:01:50



















