Сәңкібай батыр даңғылындағы ой-шұңқырлар көліктерді зақымдауда
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Сәңкібай батыр даңғылының жайын біледі. Бірақ қолдан келер шара жоқ. Аяз күш алғандықтан асфальт төсеу мүмкін емес. Дегенмен ой-шұңқыр жуық арада қиыршық таспен тегістелетін болды.
Егер жолдағы шұңқырға түсіп кетіп, көлікке зақым келсе, міндетті түрде жол-патрульдік полиция қызметін шақырған жөн. Заң бойынша болған жағдай жол-көлік оқиғасы ретінде тіркеледі. Хаттама толтырылғаннан кейін ғана сотқа жүгінуге болады. Сотта жауапкердің кінәсі дәлелденсе, арызданушыға келтірілген шығынды мердігер мекеме төлейді. Қалада мұндай оқиға бұрын да тіркелген. Ол уақытта жүргізуші материалдық шығынды өндіріп алды.
Количество показов: 2055
Дата создания: 16.11.2016 19:07:53