"Рухты Ақтөбе" әскери-патриоттық турнирі
Әлішер Құспанов №6655 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Көрші Орал қаласынан келген ол 40 күннен соң қызметін аяқтап үйіне оралмақ. Бүгінгі турнирде Әлішер командасымен бірге бақ сынады. Әскер қатарында жүріп, көп тәжірибе жинаған ол бүгінгі турнирге қатысып жатқан мектеп оқушылары мен студенттерді табанды болуға, әскерден қашпауға шақырды. Турнирге қала мектептерінің 10-11-сынып оқушылары да қатысты. Алғашқы әскери дайындық сабақтарынан үйренгенін бүгін іс-жүзінде көрсетті. "Рухты Ақтөбе" әскери-патриоттық турнирін қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Шара шаһарымыздың 155 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орайластырылып отыр. Турнирде жас сарбаздар командамен және жекелей бақ сынасты. Жеңімпаздар Ақтөбе қаласы әкімінің алғыс хатымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.Количество показов: 357
Дата создания: 05.05.2024 05:31:00