Өртенген үйді әлі тексеріп жатыр
Көршісінің сөзін Аяш Сатиева жалғады. Үйінде 89 жастағы қария тұратын келіншек пәтер жағалап жүре алмайтынын айтты. Салқын түспей қылтималарды уақытында ауыстырып бергеніне риза. Одан кейін бір апта өтсе де ешкім төбе көрсетпепті. Қақаған қыста далада қаламыз ба деп қорқып отыр. Тұрғындардың алаңдауының жөні бар. Өртенген үйге қатысты тексеру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Қызыл жалын төтенше жағдай деп танылмаса, қазынадан шығынды өтеуге қаржы бөлінбейді. Арнайы комиссия мүшелерінің құрамына Астана, Алматы қалаларынан мамандар келіп қосылды. Қорытындысы 1 айдың ішінде белгілі болуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада 10 қабатты үйде болған алапат өрттен 1 пәтер түгел жанып кетті. Тағы 30-ы бүлінді. Өрт болған күннің ертесіне жедел қарқынмен көше жақ беттегі қылтималар түгел боялды. Көп қабатты үйге газ, су, жарық қосылған. Зардап шеккен пәтерлерді еріктілер тазартып болды. Бұл үйдің сырт келбеті қала сәулетіне сәйкес 2013 жылы сәнделген болатын.
Количество показов: 1239
Дата создания: 08.10.2018 17:49:47



















